Меню KDT

logo.png?_=1675492509

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»КММ
«Тайынша ауданының білім бөлімі»КММ
«Тихоокеанск негізгі мектебі»КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    #Біртұтас_тәрбие #Есірткіден_алдын_алу #Біз_есірткіге_қарсымыз!


    Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәрімізге белгілі. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — жастар жатады. Өйткені олар еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді. Есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, еліміздің болашағы — жастарды нашақорлық індетінен аластату барлық мүдделі органдардың міндеті. Осыған байланысты, есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге, жастарға, қоғамға есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.
    22.01.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор блогы

    Мектеп сайты сізге ұнады ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки