Меню KDT

logo.png?_=1675492509

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»КММ
«Тайынша ауданының білім бөлімі»КММ
«Тихоокеанск негізгі мектебі»КММ
  • kz
  • ru
  • Хабарлар

     

    #Біртұтас_тәрбие #Ата_аналар_жиналыс #1тоқсан_қорытындысы


    "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ағымдағы жылдың 23 қазан күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс мектеп пен ата-аналар қауымының ашық пікір алмасу форматында жүзеге асырылып, балалардың өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздіктері және қолайсыз ауа райы туралы сөз қозғалған іс-шара болды. Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді. Баланың мінез-құлқын, әлеуметтік желілердегі белсенділігін, мектеп ортасындағы құрдастарымен қарым-қатынасын, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу - бұлар проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар екендігі туралы айтылды. Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін маңызды мәселе болуы тиіс. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты. Сонымен қатар 1 тоқсанның аяқталуына байланысты қорытындылаумен таныстырылды.Ата-аналарға Білім класс платформасына үнемі кіріп оқушының бағалануы мен үй тапсырмасын қадағалау отыру керек деген ұсыныс жасалды.
    23.10.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор блогы

    Мектеп сайты сізге ұнады ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки